«Темірбек Жүргенов қазақ руханиятының көшбасшысы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

      Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтың 125-жылдығына арналған апталық аясында 7 қараша  күні облыстық кітапханада  қайраткердің шығармашылық мұрасын жан-жақты дәріптеу, аға ұрпақ алдындағы өскелең ұрпақтың парызын ұғындыру мақсатында «Темірбек Жүргенов қазақ руханиятының көшбасшысы» атты  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесуге ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, профессор Ә.Бәкір, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері  «Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қорының төрағасы С.Аңсат,  облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі, жыршы Ә.Қуаңбаев, облыстық тарихи-өлкетану ғылыми қызметкері   Г.Оразалиева  және Қорқыт ата атындағы  Қызылорда университетінің тарих факультетінің студенттері қатысты.
       Дөңгелек үстелде оқырмандар пікір алмасу, сұрақ-жауап, музыкалық нөмерлермен және «Алаш ардақтысы Темірбек Жүргенов» атты кітап көрмесімен   ұласты.
07 қараша 2023 ж. 16:19
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: