Жыр маржаны - Қармақшы

   2023 жылдың 1 қарашасы күні Қармақшы ауданында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен  «Елге сәлем» жобасы аясында «Жыр маржаны - Қармақшы» атты кездесу кеші өткізілді. Шараның мақсаты сол өңірден түлеп ұшқан қаламгер, ақын-жазушылар шығармашылығын насихаттау.
   Кештің құрметті қонақтары ретінде  ақын, ардагер ұстаз Орынкүл Тынымбаева, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, ұстаз Достық Жақсыбайұлы Тілеубергенов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, ұстаз Дастан Мырзабекұлы Нәзікбаев   қатысты.
   Қорқыт бабаның мәңгілік мекені атанған өлкеде қаламгерлер сөз алып, жырдан шашу шашты. Өнер мен руханият әлемінің ақын-жазушыларына арнап оқырмандар өлең жолдарынан үзінділер оқыды.
01 қараша 2023 ж. 17:08
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: