ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОҚЫРМАНЫ - 2023

30 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда облысының Мәдениет және спорт басқармасының бірлесуімен «Оқитын ұлт» мәдени жобасы аясында «Жылдың үздік оқырманы» атты облыстық байқауы  болып өтті.
Байқаудың мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру,  үздік отандық және әлемдік әдебиеттерді насихаттау. Байқауға облыстық, аудандық  және ауылдық мемлекеттік мекеме  қызметкерлері қатысты.
Байқауға қатысушылар поэзия, проза жанрлары бойынша екі кезеңнен тұратын сайысқа түсті.
Қазылар алқасының шешішімен  байқаудың бас жүлдесін Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Г.Махан жеңіп алды. 1-орынды Жалағаш ауданының мәдениет және спорт бөлімі секторының меңгерушісі Б.Дүйсенбиева, 2-орынды «Төретам кенті әкімі аппараты» КММ-нің жетекші маманы Р.Каракеева, 3-орынды «Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті әкімі аппараты» КММ-нің «Әкімшілік» бөлімшесінің басшысы Л.Смағұлова иеленді.
Байқаудың «Көркем сөз оқу шебері» номинациясымен Шиелі ауданы Жиделіарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Д.Оспанов және «Талғампаз оқырман» номинациясымен Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы Е.Абишева, «Ең жас маман» номинациясымен «Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі КММ-нің бас маманы С.Сыздықова, «Шығармашыл оқырман» номинациясымен «Қызылорда облысы әкімі аппараты» ММ баспасөз қызметінің бас маманы М.Умарова марапатталды.
Байқауға белсене қатысқан өзге де қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
30 қараша 2023 ж. 19:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: