«Қ.Мұхамеджановтың ғылыми мұрасы» атты танымдық кешін ұйымдастырды.

        5 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстанның халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Қалтай Мұхамеджановтың туғанына 95 жыл толуына орай және жеке кітапханасын, өмір жолы мен өнер жолын насихаттап, шығармаларынан үлгі боларлық адами қасиеттерді жастарға көрсету мақсатында «Қ.Мұхамеджановтың ғылыми мұрасы» атты танымдық кешін ұйымдастырды.

       Шараға Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы, драматург Қ.Мұхамеджановтың інісі Мұхамеджанов Әбдібек Әбиболлаұлы, Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы, драматург Қ.Мұхамеджановтың қарындасы Мұхамеджанова Сәбира Әбиоллақызы, Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы, драматург Қ.Мұхамеджановтың қарындасы Бержекеева Шахида Алмағанбетқызы, Техника ғылымдарының крндидаты, профессор Тапалова Анипа Сейдалықызы, филолгия ғылымдарының кондидаты Алдажар Әбілов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Елубай Әуезов және Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары  қатысты.

         Шара барысында оқырмандар «Құдағи келіпті» пьесасынан қойылым қойып,  Қалтай қалжыңдарын оқып қонақтарымыз естеліктерімен бөлісті.

       Шара соңында «Мен сырдың перзентімін» атты кітап көрмесіне шолу және Қ.Мұхамеджанов жеке кітапханасына экскурсия жасалды.


05 желтоксан 2023 ж. 17:28
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: