«Желтоқсан желі ызғарлы» атты тарихи танымдық сағат ұйымдастырылды.

     11 желтоқсан күні облыстық кітапханада Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан желі ызғарлы» атты тарихи танымдық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты – жас ұрпақты  отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын танып білуге баулу.
     Танымдық шарада №112 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Рақымжанова тәуелсіздіктің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы ақпараттармен бөліссе, желтоқсан оқиғасының куәгері Г.Қосназарова 1986 жылғы 16,17 желтоқсанда көзбен көрген оқиғаларын баяндап берді. Қызылорда қаласындағы  химия – биология   бағытындағы Назарбаев  зияткерлік мектебінің оқушылары сахналық қойылымдар қойып, жыр шумақтарын жатқа оқыды. Шара соңында «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
11 желтоксан 2023 ж. 19:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: