Қызылорда «Ашық» университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің студенттеріне арнап ашық есік күнін ұйымдастырды.

12 желтоқсан күні  Қызылорда  «Ашық» университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің  студенттеріне арнап ашық есік күнін ұйымдастырды. Мақсаты - студенттерді облыстық кітапханамен таныстыра отырып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Келген оқырмандарға кітапхананың құрылымы, пайдалану ережесі, ресурстары, кітап қоры, электронды мәліметтер қорын пайдалану туралы ақпарат берілді. Студенттер кітапханаға  жаңа оқырман ретінде тіркеліп, «Жаңа әдебиеттер әлемінде» атты кітап көрмесімен танысты.
12 желтоксан 2023 ж. 11:23
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: