12 қаңтар күні облыстық кітапханада «Дін – халықтың рухани негізі» атты ақпараттық кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқырмандардың дін туралы түсініктерін, мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейту, рухани және имани тәрбие беру, асыл дінімізге құрметпен қарап, сенімге селкеу түсірмеуді насихаттау.
Іс-шараға «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог, дінтанушы ғалымы Б.Оспанов, психолог маман М.Қаржаубайұлы және №257 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты.
Оқырмандар назарына «Дін - тәрбие діңгегі» атты кітап көрмесі ұсынылды.