Мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың «Айналайын, Азаттық!» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Ағымдағы жылдың 19 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың «Айналайын, Азаттық!» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.Шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, шығармашыл топ жетекшілері, еңбек адамдары, ардагерлер, жастар, студенттер, ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кітаптың мазмұны жөнінде облыстық мәслихаттың төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы, саяси ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы сөз алып, өз ойларын ортаға салды.«Елім деп соққан жүректер...» тақырыбында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Көшербаевтар әулетінен тараған Елеу Көшербайұлының, Айтбай Көшербайұлының, Қырымбек Елеуұлы мен Жомарт Елеуұлының және атасының ісін жалғастырып жүрген немерелері Айгерім мен Дарханның әр жылдары жарық көрген кітаптары, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары қойылды.





19 қаңтар 2024 ж. 19:39
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: