Облыстық кітапханада Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты - 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін, 2024 жылы «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалып алынған қазақ әдебиетіне өзгеше соқпақ салған көрнекті жазушы - Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, шығармаларын ел болып оқуға ұсыну. Төрт бөлімді кітап көрмесін «Шыншыл суреткер», «Берен талант Бердібек», «Балалар бағының бағбаны», «Өмірдің өзіндей адал» атты тақырыптар қамтыды.
Көрмеге 1967ж халықаралық Канн фестивалінде жүлде алған «Менің атым Қожа» кітабы, табанды, батыл жас жігіттің өмірі баяндалған «Өлгендер қайтып келмейді» еңбегі, қалалық қыз «Аяжан» жайлы, махаббат, сұлулық тақырыбына арналған «Қайдасың, Гаухар?» атты т.б еңбектері мен замандастарының естеліктері қойылды. Қаламгерлік келбетін ашатын 100-ге жуық әдебиеттер мен мерзімді баспа беттерінде жарияланған мақалалар оқырман қауымға ұсынылып отыр.