Менің алғашқы шығармашылық презентациям

            25 қаңтар күні «Этюд» графика және кескіндеме студиясының қатысушысы Алаш Ақеркенің жеке көрмесі қойылды.
          Алаш Ақерке 2007 жылы Қызылорда қаласында туған. №257 орта мектептің 11-сынып оқушысы.  Арт-студия сабақтарына қатысып жүргеніне 1 жылдан асты. Осы уақыт ішінде республикалық, облыстық және қалалық байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді. Көбіне  академиялық  бағыттағы суреттер салады. Болашақта архитектура мамандығына оқуға түсуді  жоспарлап  отыр.
         Көрмеге  Ақеркенің  түрлі  тақырыптарға  салынған суреттері қойылды. Болашағынан үлкен үміт күттіретін студия оқушысының жұмыстары  бір ай бойы оқырмандар назарына ұсынылатын болады.
25 қаңтар 2024 ж. 13:08
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: