ЖЫР ДАРИЯСЫНА АЙНАЛҒАН АҚЫН

         25 қаңтарда Қызылорда облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы Ақтөбе облыстық С.Бәйішев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасымен ZOOM платформасында ақын, драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық  жазушысы Ә.Тәжібаевтің туғанына 115 жыл толуына орай «Жыр дариясына айналған ақын» атты әдеби кеш ұйымдастырды.
      Шара барысында кітапханашы И.Ақтай Ә.Тәжібаев музейіндегі ақынның кітаптарымен, қолжазбаларымен, құжаттарымен, тұтынған бұйымдарымен таныстырып өтті.
      Ақынның  шаңырағында болып, көзін көрген Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, өнертану  ғылымының кандидаты, доцент Г.Искакова ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы өз естеліктерімен бөлісті.
       Қызылорда облыстық филармониясының әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші А.Иманжаппаров Ә.Тәжібаевтің сөзіне жазылған «Ән» өлеңін әуелете орындап шықты.

26 қаңтар 2024 ж. 13:13
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: