«Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы»

         2  ақпан  күні облыстық кітапханада «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылымен бірігіп қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
        Мақсаты - қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған, өз замандастарының еңбегін бастырып шығаруда алғашқылардың бірі болған С.Сейфуллиннің шығармашылығын оқырман қауымға  насихаттау.
      Кеште «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері ақынның өлеңдерін жатқа айтып, «Қазақтың атақты ақыны,  жалынды жазушысы» атты  кітап көрмесімен танысты.

02 ақпан 2024 ж. 17:35
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: