«Әр өлеңі – бір әлем» атты кітап көрмесі

        Облыстық кітапхана 8 ақпан күні қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемеде қазақ әдебиетінің мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Әр өлеңі – бір әлем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
       Көрмеге ақынның әр жылдары жарық көрген еңбектері, аудармалары, «Мұқағали» атты әдеби-көпшілік журналы, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар қойылып, кітап көрмесіне шолу жасалды. Облыстық кітапхана тарапынан мекемеге 35 дана кітап сыйға тарту етілді.
08 ақпан 2024 ж. 11:16
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: