9 ақпан күні облыстық кітапханада «Қоғам құндылығы-адалдық» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлықты жоя отырып, өскелең ұрпақ бойында адами құндылықтарды қалыптастыру.Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Ашиков Асылхан Амангелдіұлы, бас маманы А.Болатқызы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің студенттері қатысты. Мамандар жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру туралы жүргізіліп жатқан іс-шаралармен, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы туралы баяндады.
Оқырмандар өздерін толғандырып жүрген сауалдарына тұшымды жауаптар алып, «Адалдық - асыл қасиет» атты кітап көрмесімен танысты.