«Жүректі жылытар мейірімділік» (қайырымдылық акциясы)

 13 ақпан күні облыстық кітапханада «Жүректі жылытар мейірімділік» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
    Қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты - балаларға қамқорлық көрсету арқылы олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырып, кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу, қуаныш сыйлау.
  Шараға қаламыздағы №2 облыстық балаларды оңалту орталығының, №5 көру қабілеті бұзылған балалардың  арнайы (түзету)  мектеп-интернатының, №7 арнайы түзету мектеп-интернатының және үйден  әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің  тәрбиеленушілері қатысты.
  Шара барысында балаларға «Айзере» балаларды дамыту орталығының, №271 Б.Ермекбаев атындағы орта мектебінің, №261 С.Лапин атындағы орта мектебінің, №217 Б.Шалғынбаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінің оқушылары  және «Алақай» қуыршақ үйірмесінің мүшелері қөңілді әндер мен сахналық қойылым қойып, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Шара соңында балаларға арнайы дайындалған тәттілер үлестірілді.
13 ақпан 2024 ж. 11:27
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: