Жүннен бұйымдар жасау

          14 ақпан күні «Этюд» кескіндеме және дизайн  арт-студиясы оқушыларының қатысуымен жүннен бұйымдар жасау техникасы көрсетілген шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Сабақ барысында студия жетекшісі жүн талшықтарын  арнайы инемен нығыздау техникасын қолдана отырып, түрлі ойыншықтар жасап көрсетті. Губка бетіне орналасқан жүнге арнайы инелерді тығып, бұру арқылы қажетті пішінді алуға болады. Жүннен бұйымдар жасау басқа қолөнер сияқты шыдамдылықты қажет етеді. Студия қатысушылары сабаққа ерекше ықыласпен, ынтамен қатысып, өз қалаулары бойынша түрлі ойыншықтар жасады.

14 ақпан 2024 ж. 11:33
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: