«Өлең деп соққан жүрегі» атты поэтикалық марафон

      15 ақпан күні облыстық кітапханада Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанған,  «Отан» және «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», өзінің тамаша өлең жырларымен қазақ поэзиясының аспанын биіктетіп, көкжиегін кеңейткен ақиық ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған «Өлең деп соққан жүрегі» атты поэтикалық марафон ұйымдастырылды. Мақсаты – қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келген ақынның шығармашылығымен таныстыру, ақынның ел үшін, ұрпақ тәрбиесі үшін атқарған еңбегін, қазақ поэзиясындағы өршіл рухтағы өлеңдерін насихаттау.
      Кешке ақын, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының, мемлекеттік  стипендияның, "Құрмет" орденінің иегері  Қатира Жаленова, ақын,  Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық филиланың  басшысы,,Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Қаршыға Есімсейітова, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Ғазиза  Әбілда қатысып, ақынның шығармашалығы жайлы, өткір тілімен және терең ойларымен оқырмандар жүрегінен орын тапқан нәзік поэзиясы туралы, әйел-аналардың құпия сырларына үңілуге бағытталған шығармалары туралы ой бөлісті.
     Жас ақындар Гүлжанат Кірекесова және №271 Б.Ермекбаев атындағы  орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Салтанат Әбдіхалықова өздерінің арнау өлеңдерін оқып, А.Тоқмағамбетов атындағы  қалалық мәдениет үйінің әншісі Тоқжан Алтынбекқызы әсем әннен шашу шашты.
15 ақпан 2024 ж. 11:48
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: