«Қазақтың дара жазушысы» атты әдеби кеш

       23 ақпан күні облыстық кітапханада «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақтың дара жазушысы» атты әдеби кеш өтті. Кешке жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Арал және Қазалы аудандарының Құрметті азаматы Ұзақбаев Бегімбай Ұзақбайұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Дүйсенбек Аяшұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық филиалының басшысы Қаршыға Есімсейітова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айман Айтбаева  және басқа да зиялы қауым, БАҚ өкілдері, Қызылорда «Ашық» университеті және Қызылорда  жоғары көпсалалы колледжінің, «Өркениет» медициналық  колледжінің студенттері қатысты.
      Кеш қонақтары, қазақ балалар әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы Бердібек Соқпақбаев туралы естеліктерімен бөлісті.
      С. Ысқақов атындағы  Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің студенттері  Б.Соқпақбаевтың «Ана жүрегі» әңгімесі бойынша сахналық қойылым қойып, №264 мектеп-лицейінің оқушысы халықаралық байқаулардың жеңімпазы Е.Салмырза «Менің атым Қожа» повесінен  монолог оқыды.  Облыстық филармония әншілері ән-жырдан шашу шашты.
Оқырмандар назарына «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кең көлемді кітап көрмесі ұсынылды.
23 ақпан 2024 ж. 11:32
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: