Х.Андерсеннің «Су перизаты» ертегісі бойынша қойылым

         27  ақпан күні облыстық кітапханада «Алақай» қуыршақ  үйірмесінің мүшелері Х.Андерсеннің «Су перизаты» ертегісі бойынша қойылым көрсетті. Мақсаты - балаларды ертегі арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
       Шараға «Медина» балабақшасындағы «Алпамыс» тобының бүлдіршіндері қатысты. Шара барысында балалар сиқырға толы ғажайып ертегі әлеміне сапар шегіп, қойылымды тамашалады. Қойылым соңында бүлдіршіндер ертегіден алған әсерлерімен ой бөлісті.
27 ақпан 2024 ж. 11:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: