Жанға жайлы жүздесулер

         27 ақпан күні Өркениет медициналық колледж студенттері «Жанға жайлы жүздесулер»  атты жоба аясында кітапханада қонақта болды. Жастар кітапхана бөлімдерінің күнделікті жұмыс барысымен танысты. Қорға түскен жаңа әдебиеттер, мерейтой иелеріне арналған және Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында таңдалған белгілі балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмелеріне шолу жасалды. Өнер бөліміндегі «Этюд» дизайн және кескіндеме арт-студия қатысушыларының жұмыстарымен жақын таныстырылды. Бос уақытты тиімді пайдалануға барлық мүмкіндік жасалған залдар жастарға таптырмайтын орын екендігі айтылды. Кітапханаға саяхат соңында қонақтарға Қытай қазақтарының түсірген «Гүлбике» фильмі көрсетілді.
27 ақпан 2024 ж. 11:18
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: