«Өнердегі өнегелі өмірлер» атты кітап көрмесі

         4 наурыз күні танымал әншілер Нағима Есқалиева мен Бағдат Сәмединованың 70 жасқа толуына орай «Өнердегі өнегелі өмірлер» атты кітап көрмесі дайындалды. Профессор, Қазақстанның халық артисі Н.Есқалиева Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келіп, қазіргі Ж.Елебеков атындағы эстрада цирк студиясында Лаки Кесоглу класында білім алған. Музыка өнерпаздары ортасында Қазақстанның халық әртісі атағы берілген ең соңғы әртіс. Ал Б.Сәмединова Меркі ауданы Ақарал ауылында туған. Республикалық  эстрада  өнері  студиясын, кейіннен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Эстрадалық өнер» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Қазақконцерт солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері.
      Кітап көрмесіне әншілердің өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер мен мерзімді басылым беттері, суреттер, замандастарының лебіздері және естеліктері қойылды.
04 наурыз 2024 ж. 17:45
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: