«Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Ділдәбекова Гүлмира Мағлұмқызымен бейресми кездесу

      Сыр өңірінің жаңалықтарын жариялауда өзіндік дәстүрін  қалыптастырған «Ақмешіт апталығы» газетіне биыл 30 жыл. Шығармашылық ұжым үшін де, газет оқырманы үшін де бұл күннің орны бөлек екенін ескере келіп, облыстық кітапханада 15 наурыз күні қалалық қоғамдық-саяси әлеуметтік-ақпараттық тарихи-танымдық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Ділдәбекова   Гүлмира Мағлұмқызымен және басылымда қызмет ететін тілшілермен бейресми кездесу ұйымдастырылды.
       Шара барысында басылымның шығу тарихы, таралымы, болашақтағы бағыт-бағдары тарқатылып айтылды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің журналистика факультетінің студенттері қатысып, кәсіби мамандардан өз сұрақтарына жауап алды.

15 наурыз 2024 ж. 18:56
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: