«Наурыз-думан» атты мерекелік кеш

         19 наурыз  күні көктем мен жаңару мейрамына орай «Наурыз-думан» атты мерекелік кеш өткізілді. Кешке С.Майқанова атындағы Мәдениет үйі жанынан құрылған «Бастаңғы» әжелер ансамблінің мүшелері, қаламыздағы Авиценна медициналық колледж оқытушылары, талай айтыс додаларында көзге түсіп, жүлделі орындар иеленіп жүрген жас ақын, дүлдүл ақын Бексұлтан Орынбасар  қатысты.
           Шара барысында Ұлыстың ұлы күні аталып кеткен наурыз мейрамының ерекшеліктері жайында сөз болды. Мейрамның шығу тарихынан бастап, мерекелік ұлттық дәстүрлер, амал, наурызтөл, наурызек, наурызшешек, наурызша сияқты терминдердің мағыналарына толық түсінік берілді.
         Әдемі әңгіме арасында қонақтардан қонақкәде ретінде мерекелік ән-шашулар орындалды. Наурыз мерекесіне арналған «Ұлыстың Ұлы күні» атты кітап көрмесі дайындалды.
19 наурыз 2024 ж. 11:28
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: