«Мұстафа Шоқай — әлем таныған тұлға» атты дөңгелек үстел

         Ағымдағы жылдың 26 наурыз күні Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист  Мұстафа Шоқайға арналған «Мұстафа Шоқай — әлем таныған тұлға» атты дөңгелек үстелі өтті.
        Шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, еңбек адамдары, ардагерлер, ұстаздар, жастар, студенттер, ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
       Жиынға қатысушылар  мемлекет және қоғам қайраткері, журналист, «Шоқайтану» ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі,  саяси ғылым докторы, профессор  Ә.Бәкір, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, қалалық мәслихат депутаты А.Мұсабаева, М.Шоқайдың ұрпақтары Р.Ерғалиева, У.Ашеков және М.Шоқай атындағы № 187 Ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі К.Еркебаева  өткен ғасырда тұтас Түркістанның азаттығы үшін күрескен Мұстафа Шоқайдың тарихи тұлғасы мен идеясы жөнінде кеңінен сөз өрбітіп, пайымды пікірлерін ортаға салды.
     «Мұстафа Шоқай мұрасы» тақырыбында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Мұстафа Шоқайдың әр жылдары жарық көрген кітаптары, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары, Шоқайтанушы-ғалымдардың ғылыми еңбектері, кітаптары мен мақалалары қойылды.
26 наурыз 2024 ж. 11:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: