«Сиқырлы кітаптар әлемі» атты кітап көрмесі

        Облыстық кітапханада  2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне  орай 1сәуір күні балалардың кітапқа деген ынтасын арттыру және кітапты жәй ғана оқып қоймай, оны түсініп оқуға, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету мақсатында «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
        Кітап көрмесі төрт бөлімнен жасақталды. «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы» атты алғашқы бөліміне «Балалар әдебиетінің алтын қоры» сериясымен шыққан қазақ балалар әдебиеті классиктерінің ең үздік туындылары қойылса, «Балалар әдебиетінің рухани қазынасы» бөліміне есімдері дүниежүзіне әйгілі, әлемдік балалар классиктерінің кітаптарымен толықтырылды. Сонымен қатар «Ең ақылды кітаптар» атты бөліміне сөйлейтін көңілді кітаптар, түрлі анықтамалықтар, «Ертегілер елінде» атты бөліміне балаларға арналған түрлі ертегілер  қойылды.
01 сәуір 2024 ж. 12:36
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: