«Кітап патшалығындағы мереке» атты мерекелік кеш

            2 сәуір күні облыстық кітапханада  «Кітап патшалығындағы мереке» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
       Мақсаты: балаларды кітапханаға кітап оқуға тарту. Шараға қаламыздағы №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының, Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебінің, К.Қаракөзов  атындағы  №235 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.
         Мерекелік кешті С.Лапина атындағы №261 орта мектебінің және І.Қабылов атындағы №12 ІТ мектеп-лицейінің оқушылары флешмобпен ашты.
       Шара барысында балаларға кітап мерекесіне байланысты көптеген ақпараттар берілді. Сонымен қатар Б.Соқпақбаевтың «Ана жүрегі» әңгімесі бойынша сахналық қойылым қойып, ән мен жырдан шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
       Шара соңында қатысушылар баланың  дүниетанымын кеңейтетін, ақыл-ойын дамытып,  шығармашылық қабілетін шыңдайтын «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты кітап көрмесімен  танысты.
02 сәуір 2024 ж. 13:23
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: