«Діни экстремизмнің алдын алу» атты кездесу кеші

           5 сәуір күні облыстық кітапханада  облыстық Ақмешіт-Сырдария Орталық мешітінің наиб имамы Т.Демесбай, облыстық Дін істері басқармасының  «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Е.Жұмахметов, Қызылорда облысы ПД ЭҚІҚ басқармасының АМІЖ аға жедел уәкілі, полиция майоры А.Құлахметовтің қатысуымен оқырмандармен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.  
         Кездесу барысында діни экстремизм жайлы түсінік бере отырып, әлемде болып жатқан діни ағымдардың қоғамға тигізер әсерін сипаттап көрсетті. Сондай-ақ діни фанаттар, радикалистер, экстремистер, террористер туралы оқырмандарға түсінік берілді.
          Шара соңында оқырмандарға «Діни экстремизмге тосқауыл» атты кітап көрмесі ұсынылды.
05 сәуір 2024 ж. 13:46
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: