«Тез оқуды үйреніңіз» атты жылдам оқу сайысы

           11сәуір күні облыстық кітапханада балалардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында «Тез оқуды үйреніңіз» атты жылдам оқу сайысы ұйымдастырылды. Жылдам оқу сайысына  Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің, Абылайхан атындағы №140  қазақ орта мектебінің,  Т.Есетов  атындағы №264 мектеп-лицейінің,  І.Қабылов атындағы №12 ІТ-мектеп-лицейінің, Қ.Мұхамеджанов атындағы   №1мектеп-гимназиясының,   С.Сейфуллин атындағы  №4 ІТ мектеп-лицейінің оқушылары мен ұстаздары  қатысты.
           Сайыс барысында қатысушылар жазушы Мейіржан Жылқыбайдың «Тауға саяхат кітабы» бойынша жылдам оқып сайысты.
           Балалар өздерінің оқу техникасының жоғары деңгейде екендігін көрсете білді.  Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені - А.Жамбыл, І орынды - А.Күнтөре, ІІ орынды - К.Балғабай және А.Абдіғали, ІІІ орынды - А.Амантай, Д.Ерболсын, К.Тұрдалы иеленді,  ал қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
11 сәуір 2024 ж. 12:17
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: