KITAPKHANA.KZ
kz ru

Қазақстанның Құрметті журналисі Н.Рахметтің «Аллергия» әңгімесіне оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды

       15 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жас қалам» жас ақындар клубының мүшелерімен Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Н.Рахметтің «Аллергия» әңгімесіне  оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.
        Конференция барысында оқиға желісіне жалпылама шолу жасалып, хикаятқа арқау болған басты кейіпкер образына талдаулар жасалды.
          Шараға шығарма авторы Н.Рахмет өзі қатысып, әңгіменің шығу тарихы, жазылу себебі жайында оқырмандарға баяндап берді.  Шара соңында «Сыр бойы тұнған сұлулық» атты кітап көрмесімен танысып, естелікке суретке түсті.
15 сәуір 2024 ж. 12:34
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x