KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Қызылорда-алтын мекенім», «Жаңа кітаптар әлемінде»

Қыркүйек айының 25 жұлдызында «Қаламгерлер аллеясында» қала күні қарсаңында ұйымдастырылған Қызылорда кітап жәрмеңкесі аясында Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қызылорда – алтын мекенім», «Жаңа кітаптар әлемінде» тақырыптарында кітап көрме-инсталляциясын ұйымдастырып, жалпы саны 300-ге жуық кітап қойды.

Мақсаты: көпшіліктің кітап оқуға  қызығушылығын ояту, оқырманға мәдени құндылықты насихаттау, жаңа кітаптармен таныстыру.

Көрме күллі қазақ үшін қасиетті ортақ жер атанған  Қызылорда қаласының қалыптасуы мен дамуындағы жүріп өткен жолын бейнелеп, бүгінгі өмірінен көрініс беретін тарихи-танымдық жинақтар, жаңа кітаптар, дәйексөздер, фото-суреттер,  әртүрлі инсталляциялармен айшықталды.

Көрмені зиялы қауым мен баспасөз өкілдері, қаламгерлер, ұстаздар, студент жастар мен мектеп оқушылары, кітапхана мамандары мен қала тұрғындары, барлығы 500-ге жуық адам тамашалады. 

 

25 қыркүйек 2024 ж. 17:55
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x