22 қазан күні облыстық кітапханада «Кездесу» клубының мүшелерімен «Білім мен байлық: қайсысы артық?» атты пікірталас ұйымдастырылды.
Мақсаты –оқырмандарды сыни ойлау тұрғысынан дамуына, өз пікірін нақты жеткізуге, тұжырымды дәлелдер келтіре білуге үйрету. Қатысушылар байлықпен білімге, біліммен байлыққа жетуге бола ма, қоғамымыздың бүгінгі бейне болмысынан білімнің орнына байлықты мақсат тұтып кетудің себебі неде деген мәселенің төңірегінде ой өрбітіп, нақты дәлелдер келтіру арқылы, пікір алмасты.
Оқырмандар назарына «Білім - кітапта» кітап көрмесі ұсынылды.