6 қараша күні облыстық кітапханада жазушы, сатирик Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Уытты сөздің ұтқыры» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Ақын шығармашылығымен оқырмандарды таныстыру және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға №285 мамандандырылған мектеп-лицей интернатының оқушылары қатысып ақынның өлеңдерін жатқа оқып, сатиралық әңгімелерінен үзінді көрініс қойды.
Шара соңында «Халықшыл қаламгер» тақырыбында Ш.Смаханұлының шығармаларымен, газет-журнал беттеріне жарияланған мақалаларынан тұратын кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.