Облыстық кітапханада 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты - мемлекеттік тіл мәртебесін көтере отырып, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.
Шарада Облыстық тілдерді оқыту орталығының ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы А.Орынбаева, «ОRDА» жоғары колледжінің оқытушысы В.Сауяева, «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің мұғалімі А.Тәңірбергенова сөз алып, тіл мәселесі төңірегінде өз ойларын ортаға салды.
Аталмыш шараға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты. «Ана тілім - айбарым» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.