Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы, Қызылорда облыстық мәслихат депутаты Шаймағанбетов Әмір Бердібекұлы және қоғамдық қордың мүшелері Сүлейменов Артур Камалұлы, Төребаев Мұхит Мұратбекұлы келіп, кітапхана қорына Темірбек Жүргеновтің «Темірбек Жүргенов-125» Таңдаулы мақалалар жинағын және «Болмыс» кітаптарын сыйға тартты. Шығармалар жинағының авторы Сәби (Сәпен) Аңсат.
Ұлт руханиятының көрнекті өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргенов жәйлі шығармалар жастарға тың мағлұматтар беріп, үлгі-өнеге болары сөзсіз.


