28 ақпан күні облыстық кітапханада 1-Наурыз - Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – ардың ісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Алғыс айту күні – бұл тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпұлтты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі.Осыған орай аталған көрмеге кітапхана қорындағы А.Сужикованың «Менің Отаным-Қазақстан», А.Қалыштың «Қазіргі Қазақстандағы этникалық және этномәдени процестер», Б.Төлепбергеннің «Ұлттық идея-тәуелсіздік тұғыры», «Көп түрліліктегі бірлік», Қазақстан халқы Ассамблеясы-ел тарихында»(екі тілде), «Қазақстан халқы ассамблеясы: алғашқы қадамдар (1995-1997жж.), Д.Қ.Қыдыралиевтың «Жерұйық» және мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар қойылды.Көрмеге жоғарғы оқу орындарының студенттері мен тұрақты оқырмандар қатысты.



