14 наурыз күні №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Қош келдің әз наурыз» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.
Мереке қарсаңында қарттардың бір сәт көнілін көтеріп, жанын жадыратып ән жырдан шашу шашып, бір серпілтіп тастады. Мерекелік шарада дәстүрлі ән, жыр, әдет ғұрып, салт дәстүрді паш ететін өнер туындылары шырқалды. Көрермендеріміз көтеріңкі көніл күйде қабылдап, әр бір шыққан әншінің орындаған әнінің сөзіне бірге косылып әнді бірге шырқап отырды.
Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шарадан соң қариялар ерекше қуанышқа бөленіп, өнер иелеріне алғыстарын жаудырды.

