KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Үйінен қашқан бала» оқырмандар конференциясы

14 наурыз күні Қазақстан жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, жазушы  Адам Мекебаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Үйінен қашқан бала» повесіне оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.
Шара  №43 Ж.Махамбетов атындағы  орта мектебінің ғимаратында 10 «А» сыныбы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Роза Асылбекқызының қатысуымен өтті.
Балалардың  көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын  арттыру  және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған   шарада оқырмандар жазушының өмірі мен шығармашылығын және мектеп қабырғасындағы оқушылардың  үйден қашуы немесе үйге қонбай бақытты сырттан іздеп жаман жолдағы балалардың айтқан ақылына еріп кетуі жайлы жазылған шығарманы талдап, алған әсерлерімен бөлісті.
14 наурыз 2025 ж. 10:26
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x