KITAPKHANA.KZ
kz ru

Көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ деген халықтың баласымын» атты поэзия кеші

14 наурыз күні облыстық кітапханада  көрнекті ақын  Тұманбай Молдағалиевтің  туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ деген халықтың баласымын» атты  поэзия кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты -ақын мұрасын дәріптеу, оның шығармашылығын кеңінен насихаттау.
Кешке  ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Қ.Құрмашқызы, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі  О.Базаралиев, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Ғ.Әбілда, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық жоғары колледжінің студенттері, Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейі және №257 орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Оқырмандар ақынның теңіздей терең ойлы жақұт жырларын оқып, талғамы биік, талабы зор сазгерлердің жазған әндерін шырқады. Бойындағы бар асылын жұртына қалтқысыз жұмсаған ақынның жүрегінен шыққан жалынды жырлары, жыр сүйер қауымға мұқалмас қайрат қосты. Халықпен үні үндес, ұраны бір өнер жанашыры әрдайым ел ардағы, қауым құрметтісі саналмақ.
Оқырмандар назарына  «Жүрегі жырдан жаралған» атты кітап көрмесі ұсынылды.
14 наурыз 2025 ж. 18:08
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x