13 наурыз күні облыстық кітапханада көрнекті қоғам қайраткері, жазушы Смағұл Сәдуақасовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Елім деп өткен бір бейне» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты – қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу жолындағы күресін бейнелеген рухани мұрасын, тамаша қайталанбас туындылары арқылы қазақ әдебиетіне қосқан баға жетпес үлесін насихаттау.Шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институтының» директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты С.Серікбаев, №290 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі В.Сауяева мен тарих пәнінің мұғалімі Ә.Мырхиев қатысып, Алаш ардақтысының азаматтық болмысы туралы баяндады. Қазақ елiнiң ел болып өркендеуiне, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесіне тоқталды.Кешке Қызылорда медициналық жоғары колледжі мен Қызылорда Авиценна медициналық колледжінің студенттері және Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейдің оқушылары қатысты.Оқырмандар назарына «Смағұл Сәдуақасов - ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

