KITAPKHANA.KZ
kz ru

Киіну әдебі (Шарф, орамалды әдемі тағу)

7 наурыз күні кітапханада киіну әдебі тақырыбында маманмен кездесу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жас  ерекшелікке сәйкес киіну, киіну мәдениетінің қыр-сырын ұғынатын эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке, сұлулыққа баулу.
Шараға арнайы дизайнер маман Ә.Мүсілімов атындағы № 101мектеп-лицейінің мұғалімі Жорықбаева Гүлбарам қатысып,   киім киюдің арнайы өз тәртібі мен әдебі бар екендігі, адамның киген киіміне қарап, оның отбасындағы тәрбиесін аңғаруға болатындығы жайында мағлұмат берді.
Шара барысында оқырмандар орамал тағуды, шарфты әдемі байлауды,  орамал тағу сәннен қалмай кез келген киіммен үйлесіп тұратын қазіргі заманауи түрлерімен танысты.
07 наурыз 2025 ж. 18:58
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x