19 наурыз күні облыстық кітапханада «Шешендік сөз асыл ойдың өрнегі» тақырыбында шешендік сайыс ұйымдастырылды.
Мақсаты –шешендік сөздер арқылы халқымыздың әдеби бай мұрасын насихаттау, тілі орамды, ойы көркем жас таланттарды ынталандыру.
Қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде I орынды №290 орта мектептің оқушысы Ж.Бақытбекова, II орынды Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы Ж.Алпысбай пен "БАЙТЕРЕК SCHOOL KZ" жеке мектеп-интернатының оқушысы Ш.Батырхан иеленсе, III орынды І.Қабылов атындағы №12 IT–мектеп-лицейінің оқушысы А.Қожабекова мен Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы А.Алпысбаев жеңіп алды. Өзге қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Шара соңында оқырмандар «Шешендік сөздер – даналықтың көрінісі» атты кітап көрмесімен танысты.



