18 наурыз күні облыстық кітапханада «Жақсылық жаса - балаға» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты - балаларға қамқорлық көрсету арқылы олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырып, кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу, қуаныш сыйлау.
Шараға қаламыздағы №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернатының, №7 арнайы түзету мектеп-интернатының және үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің тәрбиеленушілері қатысты.
Шара барысында балаларға Т.Есетов атындағы №264 мектеп, Ә.Тыныбаев атынды №11 мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейлері мен Аnsar-Kausar2020 және Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебінің оқушылары мың бұралған би мен әсем ән орындап, жақсы көңіл-күй сыйлады. Шара соңында балаларға арнайы дайындалған тәттілер үлестірілді.


