17 наурыз күні Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» тақырыбында тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жастардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерін дәріптеу және құрметтеуге үйрету.
Шараға С.Майқанова атындағы Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Бастаңғы» әжелер ансамблі мен Абай ауылындағы Мәдениет үйі жанынан құрылған «Ақниет» әжелер ансамблінің мүшелері қатысты.
Шара барысында «Ақниет» әжелер ансамблінің мүшесі тұсаукесер рәсімі жайында айтып берсе, «Бастаңғы» әжелер ансамблінің мүшесі енді ғана қадам басқалы тұрған бүлдіршінге ақ батасын берді. Тұсаукесер рәсіміне жиналған қонақтарға шашу шашылып, баланың тұсаукесер рәсімі жасалды.
Шара соңында қонақтардан қонақкәде ретінде мерекелік ән-шашулар орындалды. Ұлтымыздың ата дәстүрі жайында түсінік беріп, тұсаукесер рәсімін жасаған әжелерге сый-сияпат таратылды.



