KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Алаштың Астанасы – Қызылорда» атты кітап көрмесі

Ұлыстың Ұлы күні –Наурыз мерекесіне орай Өнер орталығының жанында ұйымдастырылған мерекелік шарада облыстық кітапхана «Алаштың Астанасы – Қызылорда» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына арналды. Мақсаты – ұрпақ санасына өңіріміздің өткені мен бүгінін бағамдау, туған жерімізді ұлықтау.
Кітап көрмесі «Даңқы асқан, тарихы дастан – Сыр Елі», «Қызылорда - Астана болғанда»,«Жаңарып, жасанған шырайлы шаһар» атты бөлімдерден тұрады. Көрмеге Қызылорда қаласының сан ғасырлық тарихын, тұңғыш астана болғаннан бастап және жаңарған Қызылорданың дамуын, өсіп-өркендеуін паш ететін 100-ден аса тарихи-танымдық жинақтар, фото-альбомдармен қойылды. Кітап көрмесі ұлт тарихын ардақтап, өткеннен ғибрат алуға ұмтылған барша оқырман қауымға арналды.
Сонымен қатар көрмеге халқымыздың ұлттық мерекесі - Наурыздың шығу тарихы, қазақтың бауырмалдық, қонақ жайлылық, сыйластық әдет-ғұрыптары төңірегінде толық мағлұмат беретін әдебиеттер қойылып, оқырмандарға таныстырылды.
22 наурыз 2025 ж. 18:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x