26 наурыз күні Халық ақыны, әнші, композитор Нартай Бекежановтың туғанына 135 жыл толуына орай «Белгілі қазағымның Нартайымын» атты жыр кеші ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нартай Бекежановтың рухани, әдеби мұраларын насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізу. Шара облыстық белсенді ұзақ өмір орталығында өткізілді. Шараға «Күміс домбыра» иесі айтыскер ақын Бексұлтан Орынбасаров және Ж.Маханбетов ауылы Ақсуат мәдениет үйінің жанынан құрылған «Ғибрат» жыр-терме үйірмесінің жетекшісі мен оқушылары қатысты.
Шара барысында Нартай Бекежановтың өмірі мен шығармашылығы жайында қысқаша видео көрсетіліп, тақырыпқа сай көрмемен таныстырылды. Шара соңында орталықта ем алушыларды өнерпаздар жыр-термелер сусындатып, рухани демалыс сыйлады.

