KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Алаш арыстарын ардақтаушы» атты кеш

26 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада қоғам қайраткері, алаштанушы, шоқайтанушы көрнекті ғалым, философ, саяси ғылымдар докторы, профессор Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлының 85 жылдық  мерейтойына  орай «Алаш арыстарын ардақтаушы»  атты кеш болып өтті.
Қай қызметте де ел мүддесін биік қойып, адамгершілік ұстанымнан айнымаған Әбдіжәлел Қошқарұлының қызметін, азаматтық тұлғасын өнеге тұтып, құрметтеуге баулу мақсатында ұйымдастырылған шараға қоғам қайраткерлері С.Аңсатов, Ш.Төребаев, С.Әбішев, тарих ғылымдарының докторы Д.Сәтбай және інісі Ж.Медетбайұлы қатысып, өз естеліктерімен бөлісті.
Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлы жастарға өзінің ғибратты ғұмыры мен  қазіргі кезең мәселелері туралы айтып берді.
Шара барысында «Елінің ұлы, жерінің перзенті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның «Ел сенімі», «Депутат әлемі», «Жарқылдап өткен жан еді», «Тарихы да, тағылымы да мол мектеп», «Қазақстан Республикасы кәсіби парламентінің қалыптасуы», «Алаш қозғалысы саяси топ басшыларының  әлеуметтік көзқарастары», «Азамат болмысы», «Тәуелсіздік тағдыры», «Ана тілім – абыройым менің», «Алпыстың асқарында» атты  кітаптары және  ұлттық тәрбие, халықтық салт - дәстүр, ұлтаралық келісім мен халықтар достығын нығайту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, Арал тағдыры жөнінде, экологиялық апат құшағындағы Сыр өңірінің аянышты ахуалы сияқты, т.б. баспасөз беттерінде жарияланған өрелі ой-пікірлері, естелік кітаптары қойылды.
26 наурыз 2025 ж. 18:26
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x