3 сәуір күні Халықаралық балалар кітабы күні аясында балалар жазушысы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Толымбек Әбдірайымовтің 70 жасқа толуына орай «Жас ұрпақтың сүйікті жазушысы» атты әдеби ойын ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Т.Әбдірайымовтің шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақты кітап оқуға баулу және оның шығармашылығындағы тәрбиелік құндылықтарды дәріптеу.
Шара барысында қатысушылар жазушының шығармалары бойынша түрлі сұрақтарға жауап беріп, викториналық ойындарға қатысты. Сондай-ақ, шығармашылық тапсырмалар орындау сияқты қызықты сынақтардан өтті. Әдеби ойын барысында балалар жазушысының шығармаларымен тереңірек танысып, оның кейіпкерлер әлеміне бойлады.
Шара соңында «Жүрекке жол тапқан жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді.


