KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Жүйрігі еді халықтың» атты еске алу кеші

Белгілі ақын, қарымды қаламгер, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі Ибрагим  Бекмахановты еске алуға арналған «Жүйрігі еді халықтың» атты еске алу кеші ұйымдастырылды.
Шараға Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, «Qyzylorda» телеарнасының директоры қызметін атқарған, журналист Жағыппар Аманжолұлы, Сыр өңірінің жыраулық дәстүрін жалғастырушы, Сыр бойының атақты жырауы Тұрымбет Салқынбаевтың немересі Жарқынбек Тұрымбетов, ақынның сыныптастары Тоқшылықов Алмат, Мәшірәпов Оразбай, Ағыманова Айткүл, Мұхтарова Ғазиза қатысты.
Шара барысында ақынның көзін көрген, бірге қызмет жасаған әріптестері, сыныптастары ақын туралы естеліктерімен бөлісіп, кітапханаға ақынның кітаптарын сыйға тарту етті.
Бұған қоса, ақынның өлеңдері оқылып, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. «Қарымды қаламгер» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды.
03 сәуір 2025 ж. 16:43
37 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x