2 сәуір күні Халықаралық балалар кітабы күні аясында ақын, балалар жазушысы, аудармашы С.Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің алыбы» атты әдеби оқулары ұйымдастырылды.
Мақсаты - оқушыларға Сапарғали Бегалиннің шығармашылығын таныстыру, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
Шараға кітапхана оқырмандары қатысып, С.Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат алды. Сонымен қатар қатысушылар жазушының «Таутеке жорығы», «Бала мерген», «Бақтыбала», «Бақтыбаланың көргендері», «Алғашқы елік», «Аюмен жекпе-жек», «Құс қуған бала» т.б шығармаларына талдау жасап, өзара пікір алмасты.
Шара соңында «Сапарғали Бегалин мұрасы – ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесімен танысты.


