1 сәуір күні облыстық кітапханада Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.
Бұл мереке 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне орай атап өтіледі.
Шараға қаламыздағы Ә.Құдабаев атындағы №197 қазақ орта мектебі, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп – гимназиясы, Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ мектеп – лицейі, «YES» бастауыш мектебі, Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп –лицейі, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебі, №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп интернаты, С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің «Дарын» ән үйірмесі, «Аnsar-Kausar-2020» мектебінің оқушылары қатысты.
Шараны Қ.Мұхамеджанов атындағы №1мектеп-гимназиясының оқушылары флешмобпен ашты. Сонымен қатар балалар «Сиқырлы кітап пен ертегі шыңына саяхат», «Үш мықтының айтысы», «Кітаптар мұңы» атты сахналық қойылым көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Шара соңында қатысушылар «Қазақ балалар әдебиетінің жауһарлары» атты кітап көрмесімен танысты.


